ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 наурыз 2024 17:08
Танымал КВН ойыншысы қайтыс болды
Қырғызстанда "Азия MIX" КВН командасындағы Маратик деген есіммен белгілі Марат Жұманалиев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өлімнің себебі әлі белгісіз. Қырғызстанның джиу-джитсу ұлттық федерациясының президенті Абдурахман Мұртазалиевтің айтуынша, жазатайым оқиға болған.
Марат Жұманалиев 43 жаста еді. Ол - бокстан Қырғызстанның екі дүркін чемпионы. Бірақ Жұманалиев "Азия MIX" командасымен бірге КВН-ға қатысу арқылы кең танылды.
Өмірінің соңғы уақыттарында ол қайырымдылықпен айналысып, түрлі қайырымдылық жобаларына қатысқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу