Тараз маңында магнитудасы 3,6-ға тең жер сілкінісі болды

Тараз маңында 3,6 магнитудалы жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу қазақстандық орталығына сілтеме жасап. Жерасты дүмпулері 2014 жылдың 16 қазаны күні Астана уақыты бойынша 05.23-те тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 72 шақырымда және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 522 шақырымда болған. "Эпицентр координаттары: 42.66 градус солтүстік кеңдікте, 70.55 градус шығыс ұзақтықта. Магнитуда mpv=3.6. Энергетикалық класы=8.3", - делінген орталық мамандарының хабарламасында. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, 14 қазан күні Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 342 шақырымда жер сілкінісі болған еді. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы - 4,8. Жер сілкінісі Қытай аумағында болған. Оның ошағы бір шақырым тереңдіктен анықталды. Эпицентр Қытай уезіндегі Ақсу қаласынан батысқа қарай 27 шақырымда, Қырғызстандағы Қаракөл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 199 шақырымда болған. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет түспеді.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама