Таразда әкімшілік ғимарат өртеніп жатыр

Таразда әкімшілік ғимарат өртеніп жатыр Куәгерлерден

Таразда әкімшілік ғимарат өртеніп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Жамбыл облыстық ТЖД хабарлады.

"Оқиға орнында өрт сөндіру қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ғимараттағы адамдар эвакуацияланды. Желтоқсан мен Сүлейменов көшелерінің қиылысындағы 9 қабатты ғимарат әкімшілікке тиесілі. Онда студенттік емхана мен кеңселер бар. Өрт туралы хабарлама 16.42-де келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан екінші қабатта шыққан. Алты адам зардап шекті - екеуі күйіктен, төртеуі газбен уланғандықтан ауруханаға жеткізілді", - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Сәуле Мұнтаева. 

Реклама
Реклама

Баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, өрт ауыздықталды. "Өртті одан ары таратпау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сегіз көлік келіп жетті, тағы біреуі келеді", - деді ол.
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама