19 қазан 2019 10:52

Таразда ауруы әбден асқынған көпбалалы ана ауруханада қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда алты баланың анасы ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды КТК арнасы. Қайғыдан қан жұтқан отбасы марқұмның қазасына дәрігерлерді кінәлайды. Сөздеріне сенсек, дәрігерлер науқастың диагнозын дұрыс қоймай, ауруын асқындырып, ақырында өлтіріп алған. Сондықтан марқұмның туыстары ісіне немқұрайлы қарағандарды сотқа бермек. Ал дәрігерлер ақталып әлек.


Таразда алты баланың анасы ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды КТК арнасы. Қайғыдан қан жұтқан отбасы марқұмның қазасына дәрігерлерді кінәлайды. Сөздеріне сенсек, дәрігерлер науқастың диагнозын дұрыс қоймай, ауруын асқындырып, ақырында өлтіріп алған. Сондықтан марқұмның туыстары ісіне немқұрайлы қарағандарды сотқа бермек. Ал дәрігерлер ақталып әлек.

Наргиза Сафиеваның жексенбі күні қан қысымы 200-ге дейін көтеріліп дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Жедел жәрдеммен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына барыпты. Онда бір тәулік ем алған. Сөйтіп ертеңіне ауруханадағы дәрігерлер әйелді жүрек ауруларын емдейтін клиникаға жіберген. 34 жастағы көпбалалы анаға клиникада ешкім көмек бере алмапты.

"Менің қызым алты бала туды. Жетіншісіне екіқабат. Менің жүрегім ауырады деп бір рет шағым айтқан емес. Жүрек ауры бар болса, балаларды қалай туатын еді", - дейді Наргиза Сафиеваның анасы Күлтәй Сафиева.

Марқұмның анасы қызының алдымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылуын, кейін оның жүрек ақауларын емдейтін мекемеге ауыстырылуын түсінбейді. Ал Болат Қазинбетов әйелінің қазасына жұқпалы дерттен емдейтін мекеме өкілдері кінәлі екеніне сенімді. Өйткені олар көтеріліп кеткен қан қысымды төмендетеміз деп, тым түсіріп жіберген дейді.

"Қан қысымы 60-та 40 дейді. 160 қан қысымы не үшін түсіп кетті деп ойлайсыздар? Менің күдіктенетінім, дәрігерлер шектен тыс дәрі беріп, қан қысымын көптеп түсіріп алды. Ауру туралы ешқашан айтқан емес. Қан қысымы көтерілмеген", - дейді Сафиеваның күйеуі Болат Қазинбетов.

Болат өрт сөндіруші болып жұмыс істейді. Әйелі бала күтімімен үйде болған. Жалдамалы баспанада тұратын кісінің ендігі жағдайы тіптен қиын болатын түрі бар. Ал, денсаулық сақтау басқармасы көпбалалы ана қан қысымынан емес, ауруханаға оның дене қызуы көтерілгенін айтады. Яғни тұмауы асқынған.

"Тұмау асқынып кеткен. Бір күннен кейін оның жүрегі нашарлағаны анықталды. Сөйтіп оны мамандандырылған «Жүрек» медицналық мекемесіне жібердік. Алайда мамандар оған көмек көрсете алмады. Қазір осы жағдайға қатысты тексеру басталды. Дәрігерлердің қателігі анықталса, жауапқа тартылады", - дейді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жібек Исаева.

"Наргиза өмірге құштар еді", - дейді жақындары. Алты қыз босанған әйел күйеуіне ұл сыйлаймын деп тағы көтерген. Құрсақтағы төрт айлық перзент те жарық дүниені көре алмай кетті. Қыздардың үлкені 12 жаста болса, кенжесі бесікте тербелген бір жастағы сәби.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети