ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қараша 2019 | 09:01
Таразда азғын 7-сынып оқушысын сабақ кезінде зорлаған
Таразда 38 жастағы ер адам 12 жастағы қызды зорлаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таразда 38 жастағы ер адам 12 жастағы қызды зорлаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, осы жағдайдан кейін мектеп директорының орынбасары мен пән мұғалімі және вахтер қызметінен кетті. Мектеп инспекторының да жұмыстан шеттетілгені айтылады. Осындай шешімнің шығуына олардың өз ісіне немқұрайды қарауы себеп дейді. Адамшошырлық жағдайдан кейін ата-аналар жаппай наразылық білдіріп жатыр.
Тараздағы №6 мектептің оқушысы жұма күні зорланған. Сол оқиғадан кейін ата-аналар жаппай дүрлігіп жатыр. Наразы топтың айтуынша, бұл жағдайға бақылау жасай алмаған мектеп басшысы кінәлі.
Бұл жағдай, телеарнаның мәліметінше, әжетханада жасалған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп- кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке енетін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен.
38 жастағы күдікті оқушы қыз әжетханадан шыққанда тап беріп, жәбір көрсетіпті. Тұрғындардың сөзінше, ғимарат ішіндегі дәретхана жабық болғандықтан, 7-сынып оқушысы сырттағы дәретханаға амалсыз шыққан.
Телеарнаның мәліметінше, қыз география сабағы кезінде сұранып шыққан. Алайда мұғалім 45 минут бойы оны іздемеген де. Ал әбден азапталған оқушы өзі келіп, жағдайды сынып жетекшісіне айтып берген. Тек содан кейін дабыл қағылған. Мектепте жалпы саны 20 камера жұмыс істеп тұр. Алайда оны бақылап отыруы тиіс вахтер де, инспектор да жұмыс орнында болмаған. Енді өз ісіне немқұрайлы қарағаны үшін мектеп директорының орынбасарынан бастап жұмыстан шығарылып жатыр.
"Жұмыс істеп тұрған камераларға ешкім назар аудармаған. Сол адам мектеп аумағына кіріп, бір сағаттай жүрген. Ол камерадан көрініп тұр. Соны көре тұра, оған ешкім назар аудармаған", - дейді Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 38 жастағы күдікті бұған дейін ұрлық жасап істі болғаны Қазір ол қамауда.
Айта кетейік, мектеп инспекторының да салғыртығы үшін басшысына дейін жауапқа тартылады.
Ал жәбір көрген оқушы үйіне оралды. Мектепке келу ниеті бар екен. Алайда әлеуметтік желіде оған бәзбіреулер тіл тигізіп, психологиялық соққы жасаған. Осы жағдайдан шошынып қалған ата-аналар мектептегі қауіпсіздіктің күшейтілуін қалайды.
Показать комментарии
Читайте также