ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 маусым 2018 12:19
Таразда екі жасар бала аурухананың екінші қабатынан құлап кетті
Таразда екі жасар бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының екінші қабатындағы терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиға кеше, 12 маусымда болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері 2016 жылғы баланың ауруханада анасымен бірге жатқанын хабарлады.
"Бала анасы палатадан шығып кеткен кезде қараусыз қалып, 2-қабаттан құлап кеткен. Қазіргі уақытта бала Жамбыл облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Жабық бассүйек ми жарақатын алған. Жағдайы тұрақты", - деп хабарлады Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу