ПОДЕЛИТЬСЯ
16 ақпан 2024 | 15:17
Таразда есірткі таратқан тұрғыннан 200 орам "синтетика" тәркіленді
Таразда есірткі таратумен айналысқан тұрғыннан 200 орам "синтетика" тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таразда есірткі таратумен айналысқан тұрғыннан 200 орам "синтетика" тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облысы Полиция департаменті және Тараз қаласы прокуратурасының қызметкерлері облыс орталығының Абай көшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
"Ер адамнан ішінде ұсақ кристалды ұнтақ зат бар буып-түйілген 200 орам табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, оның тұрғылықты жерін тінту барысында ішінде ірі кристалды ұнтақ заты бар 3 пакет, екі орам ас үй фольгасы, электрон таразы, 1000 дана ZIP-пакет және түрлі-түсті 20 изолентасы бар полиэтилен пакеті табылды", - делінген хабарламада.
Тергеу барысында ер адам әлеуметтік желідегі қосымшалардың бірінде тіркелгенін көрсеткен. Онда белгісіз адам оған есірткіні барып алу керек орындар көрсетілген мекенжайлардың суреттерін жіберіп отырған. Содан кейін оларды буып-түйіп орап, тапсырма бойынша жасырын орындарға қоюмен айналысқан, әр таратылған тауар үшін картасына төлемақы түскен.
"Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттар жалпы салмағы 52,57 грамм "Альфа-PvP" синтетикалық есірткісі. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері соталды тергеп-тексеруді бастады. Күдікті кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамақа алынды", – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также