ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 маусым 2020 17:58
Таразда карантин кезінде беташар өткізгендер жазаланды
Тараз тұрғындары карантинге қарамастан үйінің ауласында беташар өткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Беташардың видеосын Instagram желісінде @kuandyk_sagynyw есімді қолданушы жариялады. Видео кадрларынан беташарға 50-100 адам келгені байқалады.
Жамбыл облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға Тараздағы Шолдала тұрғын алабында болған.
"Полиция қызметкерлері үй жағдайында беташар ұйымдастырған адамды анықтады. Белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу мәселесімен Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы айналысады", - деп хабарлады ведомстводан.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу