17 маусым 2024 09:23

Таразда көлік көшедегі үлкен шұңқырға түсіп кетті

©️ instagram/taraz_life

Таразда көлік көшенің қақ ортасында қазылған жылу магистралінің шұңқырына түсіп кетті. Оқиға орнынан түсірілген видеоларды жергілікті пабликтер жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда көлік көшенің қақ ортасында қазылған жылу магистралінің шұңқырына түсіп кетті. Оқиға орнынан түсірілген видеоларды жергілікті пабликтер жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға жексенбіде Төле би көшесінде болған. Мұнда магистральдық жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Видеода жол талғамайтын көліктің жолдың дәл ортасында қазылған үлкен шұңқырға түсіп кеткені көрсетілген. Зардап шеккендер бар, соның ішінде балалар да. Кадр сыртындағы дауыс жүргізушілерге қауіп туралы ескертетін бірде-бір белгі жоқ екенін айтады.

Оқиғаның мән-жайын Жамбыл облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Реклама
Реклама

"16 маусымда сағат 17:50-де Төле би көшесімен Абай көшесі бағытында Lexus RX300 көлігінің жүргізушісі "3.1 Кіруге тыйым салынады", "1.23 Жөндеу жұмыстары" жол белгілерін елемей, жолдың жабық бөлігіне өтіп кеткен. Магистральдық құбыр жөнделіп жатқан жолда қоршалмаған шұңқырға түсіп кеткен", - делінген хабарламада.

Апат салдарынан жүргізуші, оның әйелі және кәмелетке толмаған екі баласы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Полицейлер мердігердің үстінен қылмыстық іс қозғады. Тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр.

Қала әкімшілігі мәліметінше, бұған дейін бұл жолдың жабылатыны туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-та таратылып, арнайы жол белгілері орнатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360613/thumb_m/photo_122936.jpeg"
    "title" => "Таразда жекеменшік балабақша басшысы ірі көлемде қаражат жымқырғаны үшін сотталды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tarazda-jekemenshk-balabaksha-basshyisyi-r-kolemde-karajat-360613/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360499/thumb_m/photo_122802.png"
    "title" => "Таразда түнде болған жарылыстың себебі айтылды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/tarazda-tunde-bolgan-jaryilyistyin-sebeb-aytyildyi-360499/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360493/thumb_m/photo_122796.jpg"
    "title" => "Тараздағы аудандардың бірінде түнде жарылыс болды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/tarazdagyi-audandardyin-brnde-tunde-jaryilyis-boldyi-360493/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360471/thumb_m/photo_122773.jpeg"
    "title" => "Алматы - Тараз тасжолы құрылысы қашан аяқталады?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyi-taraz-tasjolyi-kuryilyisyi-kashan-ayaktaladyi-360471/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_358775/thumb_m/photo_120929.jpeg"
    "title" => "18 жыл бойы іздеуде жүрген: Таразда шетелдік ұсталды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/crime/18-jyil-boyyi-zdeude-jurgen-tarazda-sheteldk-ustaldyi-358775/amp/"
  ]
]