Таразда көпқабатты үйде жарылыс болды: екі адам қаза тапты

Камила Долаева Журналист
© Tengrinews.kz

Таразда көпқабатты үйлердің бірінде болған жарылыста екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таразда көпқабатты үйлердің бірінде болған жарылыста екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс таңертең 27 ақпанда 9 шағын ауданда болған. Жамбыл облыстық ТЖД өкілдерінің мәліметі бойынша, үйден 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Куәгерлердің айтуынша, бірінші, екінші және үшінші қабат арасындағы жабындар қираған. Басқа мәліметтер әлі белгісіз.

Зардап шеккен төрт адам Тараздағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Барлығына көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Реклама
Реклама

Кейінірек Жамбыл облыстық балалар ауруханасына бір бала бас жарақатымен жеткізілгені белгілі болды. Оған ота жасап жатыр. 

Жедел желі телефоны: 8 (7262) 51-35-75.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама