ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қараша 2020 | 13:13
Таразда моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған
Таразда моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таразда моншадан шыққан өрт көршілес үйге, дәмхана мен дүкенге жайылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
27 қарашада Тараз қаласындағы Қойгелді көшедегі жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның шатырында өрт басталды.
"Өрт тұрғын үйдің шатырына тез тарап, содан кейін жанындағы "Санабар" кафесі шатырына және бір-біріне жақын бекітілген "S-marquet" дүкенінің шатырына жайылған. Оқиға туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне 19 сағат 19 минутта түсті. Өрт болған жерге алғашқы есеп тобы бес минутта жетті", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 70 өртсөндіруші мен 8 мамандандырылған техника, оның ішінде 6 өрт сөндіру цистернасы жұмылдырылды.
Оқиға болған жерде полиция, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері, жедел жәрдем, қалалық су шаруашылығы мекемесі және электр жүесі қызметі жұмыс істеді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалпы ауданы 500 шаршы метрді шарпыған өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді.
Өрттің алдын-ала себебі - монша мұржаның дұрыс орналаспауы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также