ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 қазан 2015 15:10
Таразда тағы бір адам өзін өртеп жібермекші болды
Бүгін Таразда тағы бір адам өзін өртеп жібермекші болды, - деп хабарлайды ZhambylNews порталы.
Басылымның мәліметінше, оқиға Тараздың орталығында болған. "Үстіне бензин құйған жанның әрекетіне полиция қызметкерлері бөгет болды", - деп жазылған сайтта.
Болжам бойынша, өзін өртемек болған әйел Ерлан Бектібаевтың өлер алдындағы видеосында аты аталған Данияр Райымбаевтың анасы болуы мүмкін. Әзірше оқиғаның мән-жайы толық айтылған жоқ. Куәгерлердің айтуынша, полицейлер әйелді дер кезінде тоқтатқан.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу