02 сәуір 2021 | 09:18

Таразда үйлену тойының кортежі жол ережесін өрескел бұзды

Polisia.kz. Видео кадры

Таразда үйлену тойының кортежі жол ережесін өрескел бұзды, - деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таразда үйлену тойының кортежі жол ережесін өрескел бұзды, - деп хабарлайды Polisia.kz

Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығының сыртқы бақылау камералары үйлену кортежі жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын тіркеді.

Кортеждің төрт жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы бес хаттама толтырылды.

Реклама
Реклама

Lada 211440 көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, Audi А6 жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы, 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Тағы бір жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының, 3-бөлігі бойынша ереже бұзғаны үшін айыппұл төлейді, себебі оның көлігінде отырған адамдар терезелерінен шығып бара жатқан. Mercedes-Benz E350 жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы, 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары Mercedes, ВАЗ 21074 және Toyota автокөліктерінің жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тіркеді, олар бұрылған кезде қос тұтас сызықты кесіп өтті. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Осы құқық бұзушылықты жасау алты ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. ВАЗ 21144 және BMW жүргізушілері алдыңғы-бүйірлік шыныларында тонировкасы бар автокөліктерді басқарды және ҚР ӘҚБтК-нің 5-бабы, 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылар 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная