Тараздағы сауда орталықтарының бірінде антитеррористік оқу-жаттығулар өтіп жатыр

© Тұрар Қазанғапов

Тараздағы "Дос-Нар" сауда ойын-сауық орталығында "Дос-Нар Антитеррор - 2016" атты антитеррористік оқу-жаттығулар өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысындағы терроризммен күрес бойынша жедел штабына сілтеме жасап. 

"Антитеррористік оқулардың мақсаты - белгілі бір нысандардарда террорлық қауіп болған жағдайда қалай әрекет ету керек екенін көрсету. Айта кетейік, "Дос-Нар Антитеррор - 2016" шарасының аясында жеке құрамнан бірнеше адам мен арнайы техника жұмылған", - делінген хабарламада.

"Қала аумағының кейбір жерлерінде жол қозғалысының шектелгеніне байланысты кешірім сұраймыз", - делінген штабтың хабарламасында.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама