Тараздағы "Ауыл-Береке" базарында киім-кешек бутиктері өртенді
Таразда "Ауыл-Береке" базары өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды.
Таразда "Ауыл-Береке" базары өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды.
Тілсіз жау бірнеше контейнерді шарпыған. Тауарларын құтқаруға тырысқан саудагерлер оларды көшеге тасыды. Тауарлардың басым бөлігі киім-кешек.
Публикация от ZELLO ТАРАЗ | 08 (@zellotaraz) 24 Ноя 2018 в 8:08 PST
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, киім сататын тоғыз бутик жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы - 700 шаршы метр. Өрт сағат 09.47-де ауыздықталып, 10.01-де сөндірілді.
Публикация от ZELLO ТАРАЗ | 08 (@zellotaraz) 24 Ноя 2018 в 7:41 PST
Публикация от ????????ДружнаяИнстаСемьяАлматы (@100baksoff) 24 Ноя 2018 в 8:44 PST
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД-дан 49 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
© ҚР ІІМ ТЖК