Тараздағы жол апаты: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Видеодан алынған

Дәрігерлер Тараздағы аялдамалардың бірінде болған жол апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлер Тараздағы аялдамалардың бірінде болған жол апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, 15 қыркүйекте сағат 7.00 шамасында жедел жәрдем станциясына қоңырау түскен. Мыңбұлақ ықшамауданындағы апаттан зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған.

"Барлығы төрт адам жарақат алды. Олардың біреуі реанимацияға жатқызылды, қажетті ем жүргізіліп жатыр. Оған ми шайқалуы, аяғының ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы және оң жақтағы төртінші және бесінші саусақтардың ашық сынуы, бассүйек-церебральды жабық жарақаты диагнозы қойылған.

Тағы бір адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оның басы жараланып, миы шайқалған. Оған емханада амбулаторлық ем қабылдау ұсынылды", - деді Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Реклама
Реклама

Бөлім мәліметінше, тағы екі әйел жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қаза болған. Олардың жасы шамамен 40-45 және 60-65 жас аралығында.

Бұған дейін Таразда жүргізуші төрт адамды қағып кетіп, екеуі оқиға орнында қаза тапқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама