Тараздан 240 шақырымда жер сілкінісі болды

Emsc-csem.org сайтындағы жер сілкінісінің эпицентрі көрсетілген карта.

18 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 21.28-де Тараздан солтүстікке қарай 240 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмология орталығына сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында 25 шақырым тереңдікте болды. Ол Тараздан солтүстікке қарай 240 шақырымда, Шымкенттен солтүстік-шығысқа қарай 270 шақырымда, Ташкенттен шығысқа қарай 246 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.

Реклама
Реклама

Ал ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, дәл осы уақытта Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 486 шақырым қашықтықта жер сілкінген. Магнитудасы - 4,1. Энергетикалық класы - 9,6. Осы мекеменің мәліметінше, бұдан шамамен үш сағаттай бұрын Ауғанстан аумағында магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі есепке алынған. 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама