Тараздан Мәскеуге ұшқан лайнер бағытын өзгертіп, шұғыл қонды

© Twitter

Tajik Air ?уе компаниясыны? Худжанд - Тараз - М?скеу ба?ытында?ы жолаушылар ?ша?ыны? бортында т?тенше жа?дай болды. Тараздан ?ш?ан лайнер кенеттен ба?ытын ?згертіп, Худжанд жа??а ?арай кетіп ?ал?ан. Б?л туралы Twitter желісіндегі Flightradar аккаунтында хабарлан?ан.

Tajik Air әуе компаниясының Худжанд - Тараз - Мәскеу бағытындағы жолаушылар ұшағының бортында төтенше жағдай болды. Тараздан ұшқан лайнер кенеттен бағытын өзгертіп, Худжанд жаққа қарай кетіп қалған. Бұл туралы Twitter желісіндегі Flightradar аккаунтында хабарланған.

Ұшақ біраз уақыт бойы Худжанд әуежайының маңында айналып жүрген. "Әуеде айналып жүр. Қызық екен", - деп жазған БАҚ-тар. Мәскеудің Домодедово әуежайының онлайн-кестесіндегі мәліметтерге қарағанда, TJK645 рейсі Мәскеуге жергілікті уақыт бойынша 9 наурызда сағат 21.25-те ұшып келуі керек болған.

Реклама
Реклама

Радио Озоди басылымының мәліметінше, ұшақ Худжанд маңында екі сағаттай айналып жүрген.

Осылайша, төтенше жағдайға байланысты ұшақ Худжанд әуежайына қонған. "Барлығы дұрыс. 140 жолаушы мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ", - делінген басылымда.

Сондай-ақ, осы жағдайың куәгері басылымға сол кезде әуежайда төтенше жағдай жарияланып, сонда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жедел жәрдем көліктерінің келгенін айтып өтті.

Айта кетейік, әзірше төтенше жағдайдың себептері белгісіз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама