ПОДЕЛИТЬСЯ
14 ақпан 2019 | 16:13
Тәртіп сақшыларының төбелесі: астаналық бес полицей қызметінен айырылды
Тәртіп сақшыларының төбелесі түсірілген видеодан кейін бес полицей ішкі істер органдарынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Тәртіп сақшыларының төбелесі түсірілген видеодан кейін бес полицей ішкі істер органдарынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.
"Төбелескен екеу мен бой көрсеткен тағы бірнеше полицей - екі инспектор және жол патрульдік полициясының үш қызметкері ішкі істер органдарынан босатылды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тексеріс нәтижесінде жол-патрульдік полициясының рота командирі қызметінен босатылғаны, ал жол-патрульдік полиция басшылығының қатаң тәртіптік жазаға тартылғаны айтылады.
Осыған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Желіде пайда болған видеоға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарланған. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада жол полициясының формасын киген екеудің төбелесін көруге болады. Олардың маңында әріптестері төбелеске араласпай, қарап тұрған.
Видеода былапыт сөздер бар!
Алмас Садубаев полиция қызметкерінің кез келген қызметтік тәртібін бұзатын кез келген жат қылықтың дұрыс емес екенін баса айтты.
"Бұл жағдайлар біздің абыройымызды өсірмейді. Полицейлер төбелескен видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оларға және басшыларына заңда көрсетілген шаралар қолданылады. Тексерудің нәтижесін жариялаймыз", - деді ведосмтвоның ресми өкілі.
Показать комментарии
Читайте также