14 шілде 2022 | 15:38

"Тас лақтырған". Алакөлде зардап шеккен 8 жастағы қыздың жағдайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/@dinatansari

Алакөлде ер адамның шабуылынан зардап шеккен 8 жастағы қызға амбулаторлық ем тағайындалды. Ол жергілікті ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алакөлде ер адамның шабуылынан зардап шеккен 8 жастағы қызға амбулаторлық ем тағайындалды. Ол жергілікті ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, ауруханаға түскен бойжеткеннің миына компьютерлік томография жасалған.

"Алакөл аудандық ауруханасына 2014 жылы туған науқасты ата-анасы әкелді. Оны дәрігер мен кезекші хирург тексерді. Миына томография жасалды. Диагноз - оң жақ маңдай аймағының жыртылуы, оң жақ маңдай-шүйке аймағының көгеруі. Амбулаторлық ем тағайындалды", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында. Қашан шығатыны әлі белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін Алакөл жағалауында белгісіз ер адам демалушыларға тас лақтырғаны хабарланған болатын. Шабуыл салдарынан 8 жастағы қыз зардап шеккен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная