ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2024 | 15:31
Тасжолда болған жантүршігерлік жол апаты: алдын ала себебі аталды
Полицейлер бес оқушы мен үш ер адам қаза тапқан жантүршігерлік апаттың алдын ала себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полицейлер бес оқушы мен үш ер адам қаза тапқан жантүршігерлік апаттың алдын ала себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысында жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық істі бастады. Тергеу 245-баптың 4-бөлігі "Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу" бойынша жүргізіледі. ЖКО-ның алдын ала себебі аталды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, MAN автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау дерегі бойынша тергеу басталды. Барлық жауапты тұлғаларға құқықтық баға беріледі. Барлық қажетті сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының Полиция департаменті.
Жол-көлік оқиғасы 7 тамызда Ақтөбе облысының Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында (Хромтау ауданы) болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также