Тәжікстанда болған жер сілкінісі қазақстандықтарға сезілді

© emsc-csem.org

Тәжікстанда болған жер сілкінісі қазақстандықтарға сезілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтындағы мәліметтер бойынша, Астана уақыты бойынша сағат 13.50-де Душанбеден шығысқа қарай 364 шақырым қашықтықта магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болды.

Айта кетейік, жер сілкінісі Алматыдағы көпқабатты үйлерде тұратын адамдарға сезілді. Tengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, Шымкент қаласында да тербеліс сезілген.

Реклама
Реклама


Видео авторы Tino ХИТOFF

Қазақстан ұлттық орталығының мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі Өзбекстан мен Қырғызстанда да сезілді. Алматыда тербеліс күші 2-3 балл, ал Тараз бен Шымкентте 3-4 балл болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама