22 сәуір 2018 18:17

"Тежегіші істен шықты". Алматыда КамАЗ бағаналар мен қоршауларды құлатып, көлікке соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда КамАЗ бағаналарды, қоршауларды құлатып, көлікке соғылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда КамАЗ бағаналарды, қоршауларды құлатып, көлікке соғылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты "Қарағайлы" шағын ауданындағы Қасым Тәжиев көшесінде болды. КамАЗ солтүстік бағытта төмен қарай кетіп бара жатқан. Алдын ала болжамға сәйкес, КамАЗ-дың тежегіші істен шығып, жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. КамАЗ плиталар әкетіп бара жатыпты. Ол бірнеше электр бағанасын және бірнеше үйдің қоршауын құлатып, соңынан Mazda автокөлігіне барып соғылды, ол да солтүстікке қарай жүріп бара жатқан.

Тілшінің мәліметі бойынша, КамАЗ-ды соңғы баған ғана тоқтата алған. Жол апатынан екі адам зардап шекті: КамАЗ жүргізушісі мен жеңіл көлікте болған бір адам.

© "Территория происшествий"

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети