Теміртау-Қарағанды тас жолында ірі жол апаты болды: Жүргізуші қаза тапты, тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді

© Tengrinews.kz

?ара?анды облысында?ы к?ктай?а?ты? салдарынан автобуспен жол апатына ?шыра?ан 26 жаста?ы ж?ргізуші ?аза болды. Жол-к?лік о?и?асы Теміртау-?ара?анды тас жолында бол?ан. Priora к?лігі ?арсы жола??а ?шып кетіп, автобуспен со?ыс?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысындағы көктайғақтың салдарынан автобуспен жол апатына ұшыраған 26 жастағы жүргізуші қаза болды. Жол-көлік оқиғасы Теміртау-Қарағанды тас жолында болған. Priora көлігі қарсы жолаққа ұшып кетіп, автобуспен соғысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлер жол апатын видеоға түсірген. Видеоның кадрларынан бірнеше жедел жәрдем көлігі мен полицейлердің жүргені көрінеді. Сонымен қатар, видеода автобус пен жеңіл көліктің соғысқан сәті бар. Полиция қызметкерлері жол апатының 25 қазанда болғанын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, Priora көлігінің жүргізушісі көктайғаққа байланысты тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

"Priora көлігінің жүргізушісі 15 магистральмен Теміртау қаласына қарай бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, "ДАФАС" автоорталығының маңында жеңіл көліктің жүргізушісі тізгінді басқара алмай қалған. Осылайша көктайғақта қарсы жолаққа шығып кетіп, автобустың 29 жастағы жүргізушісімен барып соғысқан. Содан автобус Peugeout көлігіне барып соғысқан", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, полициядағылар жол-көлік оқиғасының салдарынан үш көліктің барлығы бүлінді. Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал қалған зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

"4 адам ауруханаға жеткізілді. Үшеуіне ота жасалып жатыр. Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер ота жасап жатыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама