Теміртауда 18 жастағы жүргізуші балабақша аспазын қағып өлтірді

Теміртауда жаяу ж?ргіншілерге арнал?ан жерде 18 жаста?ы ж?ргізуші ?йел адамды ?а?ып ?лтірді. ?йелді? ал?ан жара?аттардан ?аза тап?аны белгілі болды. ?йел балаба?шада аспаз болып ж?мыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртауда жаяу жүргіншілерге арналған жерде 18 жастағы жүргізуші әйел адамды қағып өлтірді. Әйелдің алған жарақаттардан қаза тапқаны белгілі болды. Әйел балабақшада аспаз болып жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы сағат 08.00-де болған. Әйел жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан. Ол балабақшаға бара жатқан.

"Бізде "Қуаныш" балабақшасында аспаз болып жұмыс істеді. Оны Дана деп атайтынбыз, толық есімі - Данагүл. Артында отбасы қалды, немересі біздің балабақшада. Бір жарым ай бұрын 48 жасқа толған еді", - деді қаза болған әйелдің әріптестері.

Реклама
Реклама

Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер әйелді 18 жастағы жігіттің қағып кеткенін хабарлады. Ол Mercedes көлігімен келе жатқан.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалардың барлығы тағайындалды. Қазіргі уақытта  күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама