Теміртауда ауруханада бір жарым жасар сәби қайтыс болды

Теміртауда ауруханада бір жарым жасар сәби қайтыс болды

Теміртауда ауруханада бір жарым жасар с?би ?айтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртауда ауруханада бір жарым жасар сәби қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәби 3 қаңтарда орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне түскен. Оған ішек инфекциясы мен асқазан-ішектік қабыну диагноздары қойылған. Ауруханаға түскен кезде баланың дене температурасы 38,6 болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, сәби 1 қаңтарда ауырып қалған. Содан анасы оны өз бетінше емдеген. Ал 3 қаңтарда сәби ауруханаға түседі.

Реклама
Реклама

"Бактерияға қарсы терапия жүргізілді. Барлық ем жоспарға сәйкес жүргізілді. Бірақ баланың жағдайы бірден нашарлап кеткен. Дәрігерлер сұйықтықпен де емдеген. Алайда олар мұнымен көмектесе алған жоқ, сәби 3 қаңтарда кешкі уақытта қайтыс болды", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Айжан Иса.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама