Теміртауда белгісіз біреулер үйдің кіреберісінде үш айлық сәбиді тастап кеткен

© Tengrinews.kz

Теміртауда т?р?ын ?й кешендеріні? біріндегі кіреберіс жерден ?ш айлы? ?ыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ара?анды облысты? денсаулы? са?тау бас?армасыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. ?ш айлы? ?ызды сол ?йді? т?р?ындарыны? бірі тауып алып, бірден жедел ж?рдем мен полиция ?ызметкерлерін ша?ыр?ан.

Теміртауда тұрғын үй кешендерінің біріндегі кіреберіс жерден үш айлық қыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үш айлық қызды сол үйдің тұрғындарының бірі тауып алып, бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған.

"Жедел жәрдем қызметкерлері қызды Теміртау қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Қыз шамамен 2-3 айлық. Тауып алған әйелдің айтуынша, қыз кіреберіс жерде жатқан. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың денсаулығы жақсы. Қазір дәрігерлер оны тексеріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінің басшысы Айжан Иса.

Облыстық ІІД мәліметінше, бұл дерек бірыңғай тіркеу реестріне тіркелді. "Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қыздың анасын іздеу жұмыстарымен айналысып жатыр", - деді полициядағылар.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама