Теміртауда кассаға баса-көктеп кіріп, бір бума ақшаны алып кеткен ер адам видеоға түсіп қалды

Видео кадры

Теміртауда касса?а ?ара?шылы? шабуыл жаса?ан ер адамны? видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облысты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметі б?л туралы м?ліметті кейінірек жариялау?а у?де берді. 

Теміртауда кассаға қарақшылық шабуыл жасаған ер адамның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі бұл туралы мәліметті кейінірек жариялауға уәде берді. 

Facebook желісіне тонау оқиғасының видеосын Бекжан Киманов жария етті. Оның айтуынша, видео оған WhatsApp мессменджері арқылы келген. Кадрларда пошта бөлімшесіне немесе ақша айырбас пунктіне ұқсас мекеменің кассасына ер адамның шабуыл жасағаны көрінеді. Кимановтың айтуынша, оқиға Теміртауда болған. 

Ер адам кассаға кіріп, есікті ашпақшы болады. Кассашы қызбен сәл тілдескеннен кейін ол терезені шағып, кассаға кіріп кетеді. Сосын ер адам бір бума ақшаны алып, шығуға асығады. Қыз оны тоқтатпақшы болады. Алайда ер адам жеңінен үлкен пышақ алып шығып, қорқыта бастайды. 

Реклама
Реклама

Полицияның мәліметінше, ер адам ұсталды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама