Теміртаулық жүргізуші полицейлермен дауласқан сәтін видеоға түсіріп алды

Теміртаулық жүргізуші полицейлермен дауласқан сәтін видеоға түсіріп алды Видео кадры

Теміртауда жеңіл автокөліктің жүргізушісі ұялы телефон камерасына жол полициясының қызметкерлерімен дауласқан сәтін видеоға түсіріп алды. Видеожазбаны "ВКонтакте" желісінде "ОСА" қоғамдастығы жария етті. 

Видеода бірнеше полицей кезектесіп, жүргізушіні кезекші бөліміне апарғысы келеді. Бірақ ер адам түрлі дәлелдер айтып, көлігінен шыққысы келмейді. Жүргізуші полицейлердің куәліктерін сұрап, заңгеріне хабарласады. Ролик тәртіп сақшыларының жүргізушіні жібергенімен аяқталады. 

Ескерту! Былапыт сөз айтылады!

Реклама
Реклама

Қолданушылар видеоға қатысты пікір білдіре отырып, қаққа жарылды. Біреулері жүргізушінің, ал екіншілері полицейлердің ісінің дұрыстығын айтып отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама