Теміржол станциялары бейнебақылау жүйесінен миллиондаған ақша ұрланған

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының "Әскерилендірілген темір жол күзеті" ЖШС бас директоры, оның орынбасары және ЖШС бас менеджеріне қатысты аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін айыптау үкімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Сот талқылауы барысында сотталушылар теміржол станциялары үшін бейнебақылау жабдықтарын сатып алу және монтаждау бойынша аффилиирленген компаниялармен шарттар жасасу жолымен өздеріне сеніп тапсырылған 159 миллион теңгеден астам ақша қаражатын ұрлағаны айыптаумен дәлелденген болатын.

Алайда, жабдық толық жеткізілмеді, техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеді немесе ақаулы болды. ЖШС бас менеджерінің рөлі бақылаудағы кәсіпкерлерді табу және бейнебақылау жүйелерін өз бетінше орнату болды. ЖШС бас директоры мен оның орынбасары қабылдау актілеріне қол қойып, айқын заңбұзушылықтарға қарамастан мердігерлерге төлем жасаған.

Реклама
Реклама

"Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 7 жылдан 8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот сотталғандардан келтірілген шығынды да өндірді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная