Теміртау тұрғыны құдыққа құлап, аяғын сындырып алды

Теміртау қаласының тұрғыны ашық тұрған құдыққа құлап, аяғын сындырып алды. Жәбірленуші қызға гипс салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртау қаласының тұрғыны ашық тұрған құдыққа құлап, аяғын сындырып алды. Жәбірленуші қызға гипс салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 жастағы жәбірленушіні ата-анасы құдықтан шығарып алды.  

Реклама
Реклама

"Оқиға сегізінші ықшамауданда болды. Қайта біз қасында болып, ұстап қалдық. Нәтижесінде аяғына гипс салынды. Оқиға күндіз болды. Жасы 18-де. Кішкентай бала түсіп кеткенде не болар еді? Шығарып үлгермес едік", - дейді жәбірленушінің анасы.  

Болған оқиға туралы әйел адам әлеуметтік желіде айтты. Желіде жазба пайда болғаннан кейін Теміртау қаласының әкімдігі түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, қыз бала құлап түскен кәріз люгі жеке тұлғаға тиесілі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темиртау Таймс | Temirtau (@temirtau.times)

"Жеке тұлға жауапқа тартылды. Жәбірленуші мен оның отбасынан кешірім сұраймыз, тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз", - дейді әкімдік өкілдері. 

Желі қолданушыларының сөзінше, бұл Теміртаудағы алғашқы жағдай емес. Бірнеше жыл бұрын сегіз жасар бала құдыққа түсіп кеткен. Оны әкесі құтқарып қалған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная