03 қыркүйек 2019 09:01

Теміртауда 750-ден аса саяжай әп-сәтте күлге айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Теміртау қаласында 750-ден аса саяжай әп-сәтте күлге айналды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Қарағанды облысы Теміртау қаласында 750-ден аса саяжай әп-сәтте күлге айналды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Арна мәліметі бойынша, Теміртау маңындағы саяжайларға металл жинап жүргендер от қоюы мүмкін. Себебі, амандар өрт басталған жерден темір кесетін дәнекерлеу аппаратын тапқан. Ал қатты желден қарқын алған қызыл жалын санаулы сағаттарда 750-ден аса саяжайдың орнын күлге айналдырды.

Оның 16-сынның жері өңделіп, бау-бақшасы күтіліп жүрген саяжайлар. Ал қалғаны кеңес заманын бері қараусыз қалып тоналып біткен көрінеді. Қазір де мұнда темір іздеп жүретіндер көп екен. Түске таман тұтанған отпен өрт сөндірушелердің 7 техникасы мен 64 адамы алысқан. Дегенмен жабыла жүріп тілсіз жауды кешкі сағат 8-дер шамасында ғана ауыздықтапты. Қатты желдің салдарынан 160 гектар жерге тараған қызыл жалын көбіне шөп пен ұсақ ағаштарды шарпыған. Адамы бар саяжайдағы үйлерден гөрі бау-бақшасы отқа оранған. Апат кезінде жерін өңдеп жүрген бір зейнеткер қолын күйдірсе, екінші кейуана түтінге тұншығыпты.

"Саяжайдың бірінде жүрген 1932 жылғы азаматша түтінге тұншығып қалған. Ал 1936 жылғы тағы бір азаматшаның саусақтарын от шарпыған. Екеуін де өрт аумағынан шығарып дәрігерлердің қолына бердік. Сол жерде емдом жасалып үйіне жіберілді. Ауруханаға жатудан олар бас тартты", - деді Теміртау қалалық ТЖБ бастығы Арман Алпысбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети