ПОДЕЛИТЬСЯ
23 тамыз 2021 | 17:12
Теміртауда дәрігерлер мәйіттегі алтын бұйымды ұрлады деп айыпталды
Теміртау тұрғыны коронавирус жұқтырғандарды емдейтін госпиталь қызметкерлерін қайтыс болған жұбайының алтын сақинасы мен күміс алқасын ұрлады деп айыптап, полицияға арыз берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Теміртау тұрғыны коронавирус жұқтырғандарды емдейтін госпиталь қызметкерлерін қайтыс болған жұбайының алтын сақинасы мен күміс алқасын ұрлады деп айыптап, полицияға арыз берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Арыз берушінің жұбайы 23 шілдеде Абай көшесіндегі коронавирус жұқтырғандарды емдейтін госпиталге түскен. Ал 6 тамызда ер адам осы медициналық мекеменің реанимациясында қайтыс болған. Әйел мәйітханада жұбайының зергерлік бұйымдары жоғалғанын білген. Ол бұл жағдайды қазбалай бастағанда, медициналық мекеме алтын сақинаны қайтарып берген. Ал, күміс алқаны сол күйінше алмаған. Осы оқиғадан кейін ол полицияға арыз жазған.
"Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Бөтен мүлікті ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық мән-жайды анықтап қажетті шаралар жүргізіп жатыр", - деді Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі де жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство дерек бойынша медициналық мекемеде қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. Нәтижесі қосымша хабарланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также