22 қазан 2021 | 09:06

Теміртауда мерзімді қызметтегі сарбаз өлі табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет ©Тұрар Қазанғапов

Теміртау қаласының 5516 әскери бөлімінде 20 жастағы сарбаз қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Теміртау қаласының 5516 әскери бөлімінде 20 жастағы сарбаз қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай 21 қазанға қараған түні болған. 20 жастағы сарбаз күзет орнында кезекші болған.

"Шамамен сағат 01.30-да кезекшілікте тұрған сарбаз қарумен басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді, өкінішке орай, жасалған шараларға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. 02.20-да әскери қызметшінің қайтыс болғаны анықталды", - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Бұл дерек бойынша Орталық өңірдің әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. "Орталық" өңірлік қолбасшылығы қызметтік тексеру жұмыстарын ұйымдастырған. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

"Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы, "Орталық" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деді баспасөз қызметі.

Бұған дейін 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өзін атып өлтірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная