11 тамыз 2021 | 11:23

Теміртауда мейрамхана қонақтары бақылау тобынан далаға қашып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент

Теміртауда Grand Hall мейрамханасының қонақтары мониторингтік топ мүшелерінен қашып кетті. Оқиға куәгерлері жағдайды видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда Grand Hall мейрамханасының қонақтары мониторингтік топ мүшелерінен қашып кетті. Оқиға куәгерлері жағдайды видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Карантин шараларын бұзудың тағы бір дерегі Теміртауда анықталды. 9 тамызда "102" басқару пультіне Металлургов даңғылындағы Grand Hall мейрамханасында мереке өтіп жатқаны туралы хабарлама түскен. Бақылау тобының мүшелері көрсетілген мекенжайға келгенде, мейрамхана әкімшілігі инспекторларды ішке кіргізуден бас тартқан. Ал шара қонақтары жертөледегі қосымша шығу есігі арқылы олардан қашуға тырысқан.

Көшеге шыққан соң олар инспекторлардан жасырынуға тырысады. Бұл сәт бақылау тобы мүшелері мен куәгерлер назарынан тыс қалмады. Куәгерлер далада қашып жүрген адамдарды видоға түсіріп, жазбаларды әлеуметтік желілерге жариялаған.

Реклама
Реклама

Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. Департамент мәліметінше, мейрамхана иесіне 670 910 теңге айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная