TengrinewsTV операторына шабуыл жасағандарға айып тағылды

Юрий Съедин. ©tengrinewstv.kz

TengrinewsTV операторына шабуыл жасаған күзетші мен кадр бөлімі қызметкеріне "Бұзақылық" бабы бойынша айып тағылды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Алматы ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

Оның айтуынша, Медеу аудандық ішкі істер қызметкерлері бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Айыпталушылар өз кінәлерін мойындап, жауап берді. Еске сала кетейік, TengrinewsTV операторы Юрий Съединге Алматыдағы өртті түсіру кезінде шабуыл жасалған еді. 

Оқиға Galaksi Group компаниясы қоймаларының аумағында болды. Түсіру тобы кәсіпорын аумағына кедергісіз өткенімен, шығар кезде кәсіпорынның қауіпсіздік қызметі оператордан түсірілген бейнематериалды тартып алмақ болды. Күзетшілердің бірі операторды қылғындыра бастады, ал өзін заңгермін таныстырған бір әйел Съединнің қолын тістеп тастады.

Реклама
Реклама

Журналистердің араласуымен Tengrinews TV операторы босатылды. Съединнің білек тұсында тіс іздері қалды. Tengrinews TV редакциясы мен оператордың өзі БАҚ жұмысшысына шабуыл жасау дерегі бойынша құқық қорғау органдарына шағымданды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама