Теңіз шекарашылары браконьерлермен күресіп, 22 миллион теңге шығынды қайтарды

Теңіз шекарашылары браконьерлермен күресіп, 22 миллион теңге шығынды қайтарды Фото kaspika.org сайтынан

Теңіз шекарашылары Каспий теңізінде браконьерлік іс-әрекетке тосқауыл қойып, теңіздегі биологиялық қорды сақтау мақсатында кезекті рейд жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жағалау күзеті" өңірлік басқармасына қарасты шекаралық кемелер мен катерлер қызметі 7 шағын жүзу құралын, 1 мотоцикл, Yamaha, Suzuki типті алты қозғалтқыш, 18 000 метрден астам әртүрлі ау мен жүздеген құралдарды қолға түсірген.

"400 келіге жуық бекіре балықтар мен бір итбалық құтқарылды. 169 837,5 теңге айыппұл салынып, 22 202 325 теңге шығын қайтарылды", - дейді шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама