Теңіз кен орнында мұнай төгілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мұнай төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мұнай төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 12 қарашада мұнай резервуарлық паркі мен "Теңізшевройл" компаниясына тиесілі КТЛ газ өңдеу зауыты арасындағы жерасты желісінде мұнай төгілген. Төгілген мұнайдың көлемі шамамен 50 текше метр болады.

Бұл ақпаратты "Теңізшевройл" компаниясы растады.

Реклама
Реклама

"12 қарашада Теңіз кен орнында мұнайдың төгілгені анықталып, "Теңізшевройл" апаттық бригадасы оны оқшаулау үшін дереу әрекет етті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қауіпсіздік рәсімдері мен нормаларына сәйкес жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық тиісті органдарға тиісті түрде хабарланды. ТШО-ның өндірістік қызметі штаттық режимде жалғасып жатыр", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама