ПОДЕЛИТЬСЯ
09 ақпан 2023 | 09:30
Теңіз кенішінде цистерна жарылып, жұмысшы қаза тапты
Теңіз кен орнында көлік цистернасы жарылып, оқиға салдарынан жекеменшік компанияның бір қызметкері қаза тапты, екіншісі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Түс ауа Теңіз кен орнында адам өліміне әкелген апат болды – WEST DALA компаниясына тиесілі "вакуум" көлігінің цистернасы жарылған. 37 жастағы жұмысшы қаза тауып, тағы 30 жастағы жұмысшы жарақат алды.
Атырау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, қазір Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды.
Сайт мәліметінше, WEST DALA мұнай-газ, медицина және басқа да салалардағы өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратумен айналысады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также