ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2019 | 16:45
ТЖД өкілдері Барахолкадағы өрттің мән-жайын айтты
Өртке қарсы қызметтің генерал-майоры Серік Әубәкіров Алматыда Барахолкадағы өртті қалай сөндіріп жатқандарын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өртке қарсы қызметтің генерал-майоры Серік Әубәкіров Алматыда Барахолкадағы өртті қалай сөндіріп жатқандарын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"13.38-де өрт туралы хабарлама алдық. Ол кей нарықтармен көршілес орналасқан, жеке тұрған аумақ. Бұл жанғыш қатты материалдар қоймасы. Өрт үлкен алаңға тез тарап кетті. Оны бір аумақта ұстап тұрғанымызға ұзақ уақыт болды, авиацияны тарттық. Түтін азайды", - деді Әубәкіров.
Ал "Мизам" базарының директоры Досмұхан Керімбаев өрт жақын тұрған базарының аумағына өтпейтінін айтты. Бұған дейін дәл осы нарық жанып жатқаны туралы ақпарат пайда болған.
"Өрт жеке қоймалардың аумағында болып жатыр, бұл біздің көршілеріміз. Оттың өте жылдам шарпығанына қарағанда, қоймаларда пластик заттар болған. Күйіктің иісі сезіледі. Қойманың жанында тұрғын үй кешені бар. От сол жаққа таралуы мүмкін деген қаупі бар. Десе де өртсөндірушілер мобильді жұмыс істеп жатыр. Өрт ауыздықталды, қазір сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккендер туралы естімедім.
Өрттің "Мизам" аумағы мен базарына ешқандай қатысы жоқ. Өрттің таралу қаупі жоқ. Біз оқшауланып, өрт сөндіру жүйесін қостық, эвакуация жасаймыз. Нарығымыз толығымен іске енді қосылады, бір бөлігі жұмыс істеп тұр. Біз бөлшек саудамен айналыспаймыз, керісінше көтерме-тарату орталығымыз бар", - деді ол.
Мұның алдында Алматыда Жетісу ауданындағы базарда өрт шыққаны, Барахолка жанып жатқаны хабарланған. Металлпластикалық бұйымдар сақталатын бір қабатты қойма өртеніп жатқаны мәлім болды. Тілсіз жау ұлғайып барады. Барахолкадағы өртті сөндіруге тікұшақтар жіберілді.
Показать комментарии
Читайте также