04 қыркүйек 2022 | 09:24

ТЖМ өкілі Қостанай облысында өрт кезінде он адам зардап шеккенін айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қостанай облысында өрт кезінде он адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында өрт кезінде он адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Халық пен өрт сөндіруге қатысушылар арасында өлім дерегі тіркелген жоқ. 10 адам жарақат алды, оның ішінде күйік шалғандар, жеңіл және орташа дәрежеде уланғандар (5 қарапайым адам, ішінде бір кәмелетке толмаған адам бар, 1 орман шаруашылығының қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 ТЖМ қызметкері) бар. Осының ішінде 4 адам орталық аудандық ауруханада жатыр, 6 адам тексерістен кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді", - деді ведомство өкілі.

Реклама
Реклама

Жедел ақпаратқа сәйкес 8 сағат бойы Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

"Аманқарағай ауылындағы (әкімшілік ғимарат) және Лесное ауылындағы мұнай базасының аумағында өрт ауыздықталды. Бензин және дизель отыны бар құралдар жанған жоқ. Аманқарағай және Озерное ауылдарының тұрғын үйлеріндегі өрт оқшауланды, жекелеген ошақтарды сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ТЖМ өкілі.

ТЖМ 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная