ТЖМ ұшақ апатынан аман қалғандар туралы мәлімет берді

видео кадры

Ақтаудан үш шақырым жерде Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырап, аман қалған 28 адам Маңғыстау облысындағы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтаудан үш шақырым жерде Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырап, аман қалған 28 адам Маңғыстау облысындағы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Аман қалғандар саны 28 адам, оның екеуі балалар.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, алдын ала жедел ақпарат бойынша, 28 адам медициналық мекемелерге әртүрлі дәрежедегі жағдаймен жеткізілген. Оларға облыс ауруханаларында қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнына 23 жедел жәрдем бригадасы жіберілген.

Реклама
Реклама

Барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 техникасы жұмылдырылды. Жолаушылардың тізімі нақтыланып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама