ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қараша 2024 | 15:43
Тікұшақ апаты: Ақтөбеде қаза тапқан офицерді ақтық сапарға шығарып салды
Ақтөбеде оқу-жаттығу ұшулары кезінде қаза тапқан майор Батыр Оразымбетовты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбеде оқу-жаттығу ұшулары кезінде қаза тапқан майор Батыр Оразымбетовты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу ұшулары кезінде қаза тапқан ұшқышпен қоштасу рәсімі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында өтті.
"Оған Әуе қорғанысы күштерінің басшылығы, әскери оқу орнының ұжымы, қайғылы жағдайда қаза тапқан Батыр Қайратұлы Оразымбетовтың туыстары мен жақындары қатысты. (...) Майор Батыр Оразымбетовтың соңында жұбайы мен екі баласы қалды. Әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан ұшқыштың есімі оның туыстары мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, төтенше жағдай 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыарқа кентінің ауданында болған. Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының Ми-8 тікұшағы қону кезінде апатқа ұшырады. Бортта үш экипаж мүшесі болған. Олардың бірі қайтыс болды. Авиациялық оқиғаның алдын ала себебі - техникалық ақау.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также