09 қараша 2024 | 13:48

Тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Ақтөбе облысында өртенген тікұшақтан зардап шеккендер Ақтөбедегі стационарға жеткізілді. Бұл туралы Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында өртенген тікұшақтан зардап шеккендер Ақтөбедегі стационарға жеткізілді. Бұл туралы Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр. Науқастар есін біледі, сұрақтарға жауап бере алады.

"Ауылда тікұшақ құлағаны туралы хабарлама 103-ке сағат 11:36-да түсті. Оқиға орнында екі науқасқа Мәртөк аудандық ауруханасының жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетті. Бір жәбірленуші 103 келгенге дейін қаза тапты", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Ақтөбеде науқастарды әуе айлағында екі жансақтау бригадасы қарсы алды. Екі адам күйік алған. Қазір зардап шеккендерге диагностика жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының аумағында тікұшақ қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная