Тоғызыншы қабаттан секірмек болған қызды құтқарған жігіттер оқиғаның мән-жайын айтты

Тоғызыншы қабаттан секірмек болған қызды құтқарған жігіттер оқиғаның мән-жайын айтты © lada.kz

А?тауда то?ызыншы ?абаттан секірмек бол?ан ?ызды сегізінші ?абатта т?ратын екі к?ршісі аман алып ?ал?ан. Ер адамдарды? айтуынша, о?и?а секундтарды? ішінде бол?ан, - деп хабарлайды "ЛАДА".

Ақтауда тоғызыншы қабаттан секірмек болған қызды сегізінші қабатта тұратын екі көршісі аман алып қалған. Ер адамдардың айтуынша, оқиға секундтардың ішінде болған, - деп хабарлайды "ЛАДА".


Қайғылы оқиға бола жаздаған үй. © lada.kz

Қызды құтқарып қалған Зуран Гандалоев пен Қанат Серкебаев. Гандолаев оқиға кезінде қоқыс төгуге шыққанда жылаған дауысты естігенін айтып берді. "Балконға шығып, жоғары қарасам, тоғызыншы қабаттан әйел адамның аяғы салбырап тұр. "Сен не істеп жатсың!" деп, екі аяғынан құшақтап алдым. Не үшін мұндай қадамға барғанын сұрап білгім келді, сосын оны қайта үйіне кіргізіп алуға тырыстым. Қыз үндемеді. Жалғыз өзім құтқара алмайтынымды сездім де, көрші Қанатты шақырдым. Мен қыздың аяғынан ұстап тұрдым, ал Қанат оның денесін тосып алуы қажет болды. Солай болды да. Бірақ ол құлап бара жатып, менің өзімді төменге тартып әкете жаздады. Көршім болмаса, қолымнан келмес еді. Бірінші рет адам өмірін аман алып қалдым", - дейді ол. 

Реклама
Реклама

Тағы бір көрші әйел жоғарыда қыздың жылап жатқанын естімесе де, назар аудара қоймапты. 

"Қыздың жылап жатқанын естідім. Біздің үйден емес сияқты көрінді. Назар аудармай, балаларыммен көлге кетіп қалдым", - дейді көршісі. 

"Түскі уақытта демалып жатқанмын. Көршім шақырғанын ести сала жүгіріп бардым, Зураб біздің қыздың аяғын ұстап тұр. "Көмектес!" деп айғайлады. Ары қарай бәрі бір сәтте болды, не болғанын ұқпай да қалдым. Құтқарылған қыз дереу қашып кетті. Жеке таныс емеспін", - деді Қанат Серкебаев.

Еске салайық, мұның алдында 30 қыркүйекте Ақтауда екі ер адамның тоғызыншы қабаттан секіруге ұмтылған бойжеткенді құтқарып қалғаны хабарланған болатын. Оқиға 28-ықшамауданның 15-үйінде болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама