19 сәуір 2023 11:23

Тоқаев Жаңаөзендегі жарылыс салдарын жоюды жеделдетуді тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҚР ТЖМ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр. Кеңес барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіру қажет. Жалпы, Жаңаөзен - мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала. Сол себепті біз оны дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық. Осы құжатты мейлінше жүзеге асыру керек. Үкімет те бұл жұмысқа жауапты болады", - деді Президент.

Айта кетейік, оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылғаны хабарланды. Ал салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.

Реклама
Реклама

Құтқарушылар үйінді астынан қаза тапқан үш адамды шығарды. Сегіз адам ауруханаға жеткізілді, оның ішінде құтқарылғандар мен медициналық көмекке жүгінгендер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram