10 мамыр 2021 22:24

Тоқаев ШҚО-дағы алапат өрт бойынша тапсырма берді

Риддер түбіндегі орман өрті. © ҚР ТЖМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-дағы өрт бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-дағы өрт бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселені Президент өз бақылауында ұстап отыр", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде.

Еске салайық, бүгін әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрт туралы видео тараған болатын. Видеоны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған. Бастапқыда өрттен 14 үй зардап шеккені айтылған еді, алайда кейінірек 35 үйді жалын шарпығаны анықталды. Төтенше жағдайдан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккені, олар ауруханада жатқаны хабарланды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram