Толассыз жауыннан Алматының бірнеше көшесін су басты

Толассыз жауыннан Алматының бірнеше көшесін су басты © Tengrinews.kz

Алматыда толассыз жауынның салдарынан бірнеше көшені су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңертеңнен бері әл-Фараби, Райымбек және Рысқұлов даңғылдарында, Төле би көшесінде қозғалыс қиындады. Қалада кептеліс болып жатыр.

"Әл-Фараби даңғылының Фурманов көшесімен қиылысында екі бағытта да жол жүру мүмкін емес. Су белшеден. Жеңіл автомобильдер суға батып қалды. Жол-қозғалысы тоқтап қалды. Жүру бағыттарыңызды түзеп алыңыздар", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.

Реклама
Реклама

© Ирина Карпова

 

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда жаңбыр жауып, қатты дауыл тұрған болатын. Салдарынан 15 адам зардап шекті. Ағаштардың құлауынан олар түрлі жарақат алған. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендердің ішінде екі бала бар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама