12 қыркүйек 2017 19:49

Тоңазытқыштан табылған екі баланы өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды

Жантүршігерлік оқиға болған пәтердің есігі

Алматыдағы Түрксіб ауданында мәйіті тоңазытқыштан табылған балалардың шешесімен бірге тұрып келген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Түрксіб ауданында мәйіті тоңазытқыштан табылған балалардың шешесімен бірге тұрып келген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалардың әкесі Өзбекстанның 29 жастағы тұрғыны болып шықты, ол балалардың шешесімен бірге тұрған. 

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта қылмыстың мотивін және мән-жайды анықтауға бағытталған процессуалдық және тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл кезеңде ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Соталды өндіріс барысында істі әділ, толық әрі жан-жақты тергеуге мүмкіндік беретін зерттеулер жүргізіліп жатыр, сарапатамалар тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, балалардың анасынан жауап алынып жатыр екен, ол ер адаммен бірге ұсталған. Әйелге із-түссіз жоғалып кеткен адам ретінде іздеу жарияланған еді. 

Ал полицейлер В. деген азаматшаның үлкен ұлы қайда екенін анықтап, оны тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізіпті. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram