31 қазан 2021 | 12:03

"Тоңазытқыштың артына тығылған". Атырауда бала токқа түсіп мерт болды

Фото: Tengrinews.kz

Атырауда 10 жастағы бала токқа түсіп мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда 10 жастағы бала токқа түсіп мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап. 

Жазатайым оқиға 30 қазанда болды. 

Атырау облысы полиция департаменті өкілдерінің алдын ала ақпараты бойынша, 2011 жылғы бала ойнап жүріп тоңазытқыштың артына тығылып, содан ток ұрған. Бұл туралы полицияға баланың әжесі хабарлады.

Реклама
Реклама

"Жедел жәрдем пультіне қоңырау сағат 14.45-те түсіп, бригада оқиға орнына 14.51-де жетті. Бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кетті. Оның денесінен жарақаттар анықталмады. Мәйіт сараптамаға жіберілді. Аталған дерек бойынша тексеру жүріп жатыр", - делінген ПД хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная